«Тегін құқықтық көмек көрсету бойынша ашық есік күні»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2025 жылдың 15 тамызында Қостанай облысы адвокаттар коллегиясында «Тегін құқықтық көмек көрсету бойынша ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін құқықтық көмек көрсету. Іс-шара барысында азаматтар тұрғын үй және жер қатынастарына, отбасылық дауларға, еңбек құқықтарына, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге, сондай-ақ сотта мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарымен жүгінді.
Акция қорытындысы бойынша мамандар тұрғындардың белсенділігінің жоғары екенін атап өтті және мұндай іс-шаралардың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңыздылығын, сонымен қатар халықты білікті құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы тұрақты хабардар етудің қажеттілігін атап көрсетті.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1051793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді