Тұрақты даму – білім беру ортасының сапасын арттыру мүмкіндігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тұрақты даму мақсаттарын сапалы жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдары» тақырыбындағы кейс-сессия С. Мауленов атындағы гимназияда өтіп, онда ЮНЕСКО клубтарының мектептеріндегі басшылар, психолог пен педагогтер бас қосты.

Қостанай облысында 13 жалпы білім беретін мектеп – Қазақстан ЮНЕСКО федерациясының клубтары, ал бір мектеп – клуб мүшелігіне кандидат.

Шығармашылық және ынтымақтастық ахуалында Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т.И Набатникова. мектептің тұрақты дамуы жолындағы клубтардың мүмкіндіктерін атап өтті. Тұрақты даму – жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудың, жайлы және қауіпсіз орта құрудың негізі, сондай-ақ ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұған дәлел ретінде спикерлер тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың табысты кейстерін ұсынды: «Қиындық – үкім емес, болашақты өзгерту мүмкіндігі», «Кәсіпке апарар үстелдік маршрут: балалар қалай ойнап, өз болашағын таңдайды», «Еріктілер экожүйесі: кеңістіктен әрекетке» және т.б. Педагогтер әзірлеген ойындар, жобалар, қол жеткізілген нәтижелер ерекше әсер қалдырды… Жүйе дамып келеді.

Бирманова К.И., Қостанай облысындағы Қазақстан ЮНЕСКО федерациясының өңірлік өкілдігі – Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия директоры, алдағы жаңа оқу жылына арналған мектептердің қызметінің бастамаларымен  таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1049592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді