
Биыл еліміздің барлық өңірінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 5 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда. Аталған мерейтойға арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі жоспар бекітілген. Бұл жоспар 100-ден аса түрлі форматтағы ең ірі іс-шараларды қамтиды. Басты іс-шаралар ақынның туған жерінде – Абай облысында Абай күні аясында күні өткізілмек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы Ерлан Дәкенов ОКҚ алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы, «Жеті қазына» республикалық байқауы, «Құнанбай» көркем фильмінің көрсетілімі, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» халықаралық ақындар фестивалі, «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» республикалық жыр мүшәйрасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклі, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымындағы концерті, «Абай оқулары» республикалық байқауы және тағы басқа ауқымды іс-шаралар өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1050142?lang=kk
Жауап қалдыру