Ұялы байланыс жүйесін айналып өтетін заңсыз сим-бокс құрылғысы анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен Алматы қаласында облыстық Полиция департаментінің Киберполиция басқармасы арнайы операция жүргізіп, ресми байланыс арналарын айналып өтіп, халықаралық қоңырауларды бағыттауға арналған сим-бокс – арнайы жабдықтың заңсыз пайдаланылуын анықтап, жойды.

Аталған құрылғы қылмыскерлерге бір уақытта жүздеген SIM-картаны пайдаланып, халықаралық шығыс қоңырауларын өзгертіп жіберуге мүмкіндік берген.

Бұл ұялы байланыс операторларына айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді және қылмыстық әрекеттердің ізін жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұйымдастырушы ұсталды.

                                                                                          Түркістан облысының прокуратурасы

 

           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1049019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді