
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров жұмыс сапары аясында Сарысу ауданында орналасқан облыстағы ірі инвесторлар — «Qazaq Soda» ЖШС, «ЕвроХим-Каратау» ЖШС және өзге де ЖШС-мен кездесті.
Қуаттылығы жылына 500 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіру бойынша «Qazaq Soda» ЖШС жобасында 400 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция қарастырылған.
Өз кезегінде, «ЕвроХим-Каратау» ЖШС жобасы жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін шығаратын зауыт салу мен пайдалануды көздейді.
Инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл прокуратураға проблемалық мәселелерді жедел анықтауға және оларды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Мәселен, бұған дейін осы ауданда прокуратураның көмегімен инвестиция көлемі 3,1 млрд теңгені құрайтын цемент зауытының уақытылы іске қосылуы қамтамасыз етілген болатын.
Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кәсіпорынды электр энергиясымен қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға қосымша 6,4 млн теңге бөлінді.
Облыс прокуроры кәсіпорындардағы еңбек жағдайларымен танысып, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ прокуратураның «Қауіпсіз еңбек» жобасының ережелерін жүзеге асыруды атап өтті.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңір бойынша өндірістегі өлім-жітім санын 25%-ға (25-тен 20-ға дейін), ал жарақаттануды – 16,6%-ға (28-ден 24-ке дейін) азайтуға мүмкіндік берді.
Одан бөлек, Сарысу ауданында прокурорлар 31 жұмыс берушінің 114 жұмысшыға қатысты міндетті зейнетақы жарналарын төлемегенін анықтады. Қабылданған шаралармен олардың құқықтарын қалпына келтірді.
Сондай-ақ сот орындаушысы енгізген шектеу шараларына байланысты 160 қызметкердің жалақысын бермеудің алдын алды.
Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1050143?lang=kk
Жауап қалдыру