
Шымкентте базарларды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Сауда инфрақұрылымын жаңарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар кәсіпкерлік басқармасының тұрақты бақылауында. Басқарма басшысы нысандарды аралап, жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.
Жаңғырту үдерісі кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып және қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта да базарлардың инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1051942?lang=kk
Жауап қалдыру