Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 11 тамызында Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары № 1 және № 2 жалпы орта білім беретін мектептердің жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысуға барды.Тексеру барысында екі мектепте де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталған, алайда № 2 мектеп аумағында көгалдандыру жұмыстары мардымсыз жағдайда және стадион пайдалануға жарамсыз күйде. Осы бойынша қалалық білім бөлімі облыстық білім басқармасына бірнеше рет бюджеттік өтінім тапсырған, бірақ стадионды жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбеген. Алдағы уақытта айтылған кейбір кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Қорытындылай келе қалалық мәслихат депутаттары білім беру ұйымдарының жағдайына тұрақты түрде назар аударып, аталған мәселелер бойынша жауапты мекемелерге ұсыныстар жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынатынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1049732?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді