
11 тамыз 2025 жылы Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Күмісбаевтің төрағалығыменЖаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті.
Сессияға қала әкімі Ж. Қайнарбаев, қала әкімінің орынбасарлары, Жаңаөзен қаласы прокуратурасының прокуроры Т. Кеңесбаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мухаммедов, ауыл әкімдері, мекеме басшылары, қаламыздың белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде, Жаңаөзен қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі мәслихат депутаттары алдындағы есебі; Қала және оған қарасты елді мекендердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар; 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша; Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/189 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізу; Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу; Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1049454?lang=kk
Жауап қалдыру