ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Спорт күні» кәсіби мерекесі қарсаңында, жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен «AMANAT CUP-2025» облыстық ашық турнирі басталды.
Жарыс 12–15 тамыз күндері Б.Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Турнирде өңірдің үздік жас спортшылары бақ сынауда.
Ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қалыйма Жантөреқызы Жантөреева, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Сүлеймен Тұрсынбайұлы, Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат және «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Бауыржанұлы құттықтау сөз сөйледі.
Төрт күнге созылатын тартысты турнир спортшылардың шеберлігін шыңдап, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 15 тамыз күні салтанатты түрде марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1049844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді