Жезқазған қаласында мектеп мұғалімдеріне арналған тақырыптық лекция-семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жезқазған қаласында мектеп мұғалімдеріне арналған тақырыптық лекция-семинар өтті

Ұстаз – баланың тағдырына тікелей әсер ететін тұлға. Осыған орай, 2025 жылғы 7 тамыз күні Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылармен жұмыс: тәуекелдер, қауіпсіздік және психологиялық тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Лектор – дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, сарапшы-психолог Шакимова Лола Сергеевна.

Іс-шара барысында спикер арнайы тақырыптық слайдтармен сүйемелденген дәріс оқып, келесі мәселелерді ашып көрсетті:
• Деструктивті діни ағымдардың балалар санасына әсер ету механизмдері;
• Қауіп тобына жататын оқушыларды ерте кезеңде анықтау жолдары;
• Ата-анасы радикалды көзқарастағы отбасылардан шыққан балалармен жұмыс тәсілдері;
• Сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың психологиялық әдістері.
Қатысушылар «Криминалды профайлинг: діни экстремист пен террорист психологиясы» тақырыбындағы интерактивті тренингке де қатысты. Онда нақты кейстер талданып, оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқау мен алдын алу әдістері үйретілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1049767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді