
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жоңышқадан жем өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Жоба «Salar Farm» ЖШС тарапынан «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылуда.
Кәсіпорынды 2026 жылдың көктемінде іске қосу жоспарлануда. Зауытта жоңышқаны өңдеудің толық технологиялық тізбегі енгізіледі: шөпті жасанды кептіру, престеу және түйіршіктеу.
«Жоңышқаның басты артықшылығы — құрамындағы ақуыз бен протеиннің жоғары болуы. Бұл — премиум санаттағы жем, біз оны Қытай мен БАӘ-ге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Жоңышқаны өзіміздің суармалы алқаптарымызда өсіреміз», — деп атап өтті компания директоры Арман Уатаев.
Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 60 мың тонна дайын өнімді құрайды. Барлық процесс барынша автоматтандырылады.
Жобаның жалпы құны — шамамен 5 млрд теңге.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1049602?lang=kk
Жауап қалдыру