ЖЫМПИТЫДАН САБЫН ШЫҒА БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖЫМПИТЫДАН САБЫН ШЫҒА БАСТАДЫ
Орал қаласында өткен “Бір ауыл – бір өнім!” көрмесіне тауар шығарған Сырым ауданының тағы бір кәсіпкері – Нұржан Жантеміров. (суретте)
Нұржан биыл Жымпитыда сабын өндірісін бастады. Өз қаражатына сақар қайнатып, құятын аппарат сатып алған қолы епті жігіт қазіргі уақытта кір сабын өндірудің қыр – сырын меңгеріп алды. Нұржан өніміне каучук содасын, өсімдік майының қалдығын және малдың тоң майын пайдаланады. Салмағы 200 граммды құрайтын сабынының бағасы – 200 тг. Бұдан бөлек, жас кәсіпкер сұйық сусабын, кір жуатын ұнтақ, ыдыс жуатын сұйықтық секілді тұрмыстық химиялардан бөлек, көліктің жылыту/салқындату жүйесіне пайдаланылатын антифризді де өндіруді жоспарлап отыр.
– Кәсіпкерлер даму, бағытын әртараптандыру, табысын еселеу туралы көп айтады. Бұлардың бәрі де керек. Ең маңызды – тоқтамау! Тұрақты қозғалыс табысқа жеткізеді. – дейді Нұржан замандас.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді