Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы іс сапары барысындағы кезекті кездесуі Кентау қаласында жалғасын тапты.
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Төлепов Ғалымжан Әнуарұлы, Freedom Life”ӨСК” АҚ бас менеджері Көшерова Фарида Нұрлыбайқызы, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілдері Өтемісова Гүлжанат Төреханқызы, Ғайбуллаев Асылбек Камбарович және ауданға қарасты жұмыс жасайтын кәсіпорын мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткізілген кездесуде өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығы талқыланды.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын түсіндіре отырып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне талдау жасап өтті.
Кездесу соңында кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кәсіпорын иелері тарапынан туындаған пікірлер мен ұсыныстары тыңдалды.
Жауап қалдыру