Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, 2025 жылдың 8 тамыз күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төлендиев Мұрат Сағынұлы Созақ ауданына өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығы талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Созақ ауданы әкімінің аппарат басшысының м.а. Зейнулла Бекайдар Қайратұлы, «Halyk Life» АҚ сақтандыру компаниясының Созақ ауданындағы өкілі Бейсенбеков Манас Есенкелдіұлы, Созақ аудандық «Созақ үні» газетінің Бас редакторы Мақсат Қарғабай, Созақ ауданындағы орта шағын бизнес өкілдері және ақылы қызмет көрсететін (ШЖҚ) мемлекеттік коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұрат Сағынұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндіре отырып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне талдау жасап өтті.
Кездесу соңында кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кәсіпорын иелері тарапынан туындаған пікірлер мен ұсыныстары тыңдалды.
Жауап қалдыру