Абай күніне арналған іс-шараны Глубокое аудандық полиция бөлімі өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 тамыз – Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, Глубокое ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Сүндетова Жансая Нұрсұлтанқызы ұлы ақынның «Күз» атты өлеңін жатқа оқыды.

Бұл шараның мақсаты – Абай мұрасын жас буын мен көпшілікке кеңінен насихаттау, ұлт зиялыларының еңбегін ұлықтау және құқық қорғау органдарының рухани-ағартушылық бағыттағы қызметін көрсету болды.

Ақынның табиғатты суреттеу арқылы өмірдің мәнін жеткізу шеберлігі тағы бір мәрте айқын көрінді.

Абай күніне арналған бұл шара – полиция қызметкерлерінің тек қана қауіпсіздік пен тәртіп сақтау саласында ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық бағытта да белсенді екенін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1047988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді