
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 7 тамызында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы және 10 тамыз – Абай күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында «АБАЙ МҰРАСЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ. ЖАҢАШЫЛ КӨЗҚАРАС. ЗАМАНАУИ ӘДІСНАМА» тақырыбында облыстық TedX форматындағы облыстық тәжірибелік сессия өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абай шығармаларын білім беру ұйымдарында оқыту әдістемесін жетілдіру, кәсіби дағдыларын дамыту, инновациялық технологияларды меңгерту арқылы жаңашылдығымен, шығармашылығымен ерекшеленетін педагогтерді және креативті ойлайтын педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру.
TedX форматындағы облыстық тәжірибелік сессияға қатысушылар Абай шығармаларын оқытуға байланысты әзірленген жұмыстарын (авторлық бағдарлама, оқу құралы, жұмыс дәптері, ҚМЖ, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, жоба, анимациялық видеолар жинағы т.б.) таныстырып, Абай шығармаларын оқытудың тиімді жолдарын ұсынды. Абай шығармаларын оқытуға байланысты әзірленетін жұмыстар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, философиялық мұрасын түсінуге, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.
Қатысушылар ұлттық білім беру жүйесінің сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, мектептерде инновациялық тәсілдерді дамыту мақсатында да арнайы жобаларын да ұсынды.
Іс-шараға қатысқан педагогтер атаулы датаға арналған «Адамзаттың Абайы» атты челлендж бейне құттықтау түсіріп, ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды. Бейнежазба әлеуметтік желілерде (Telegram, Facebook, Instagram, Treads) қысқаша мәтінмен жалпыға ортақ #Абай180жыл, #Abai180 хэштегтерімен жарияланды.
Облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының абайтанушы ғалымдары да қатысып, үздік инновациялық, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 103 педагог қызметкер қатысты.
#Абай180жыл
#Abai180

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1047748?lang=kk
Жауап қалдыру