Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ескерткішке гүл шоқтары қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 10 тамызы ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Тараз қаласында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының ұжымы қатысты. Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, қатысушылар ұлы тұлғаның ел тарихындағы орны мен мұрасының маңыздылығын атап өтті.

Бұл шара – жастарға үлгі, ұлттық рухты көтеретін игі бастамалардың бірі. Абай Құнанбайұлының сөздері мен идеялары әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай, қоғамға жол көрсетуші темірқазық ретінде қызмет етуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1048911?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді