Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбектің төрағалығымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы М. Есенбаевтың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 7 тамызда Әділет департаментінің басшысы                                       Е. Сейдімбектің төрағалығымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы М. Есенбаевтың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша атқарушылық құжаттарды орындау және мемлекет кірісіне өндіріп алу мәселелері қарастырылып, аталған проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға қолданыстағы атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес атқарушылық құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатты индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1047603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді