
Алға қаласындағы №4 шағын ауданның №7, 8 үйлерінің ауласында балалар мен жастарға арналған жаңа ойын және спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Аула аумағында жүргізілген абаттандыру жұмыстары аясында заманауи балалар ойын алаңы орнатылып, жасанды төсеммен жабдықталған шағын футбол мен волейбол және воркаут алаңы салынды.
Ойын алаңындағы құрылғылар заманауи, қауіпсіздік талаптарына сай орнатылды.
Бұл – тек ойын алаңы ғана емес, балалардың дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ортақ кеңістік. Енді бүлдіршіндер қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнап, ал жасөспірімдер спортпен айналыса алады.
Сонымен қатар, аула аумағына орындықтар мен жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұл тұрғындарға кешкі серуендеуге де қолайлы жағдай туғызады.
Бұл жобаның жүзеге асуына жергілікті әкімдік пен тұрғындардың белсенділігі үлкен үлес қосты.
Енді барлық тұрғындарды жаңа алаңды ұқыпты пайдалануға, балалардың бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуге шақырамыз.
Қосымша, осы тектес 10 ауланы абаттандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, алдағы жылдары жобалар өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1047621?lang=kk
Жауап қалдыру