«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасының бос лауазымына орналасу конкурсының екінші кезеңіне жіберілген кандидаттар тізімі
- Нарымбетов Ұлан Таубаевич;
- Шорабай Фархат Алпысбаевич;
- Тлешов Тлеужан Темірəліұлы;
- Жайлаубай Ерлан Дүйсенбекұлы.
Екінші кезеңге жіберілген кандидаттар 2025 жылғы 15 тамызға дейін (қоса алғанда) Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының орналасқан мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3-қабат, 321-кабинетіне немесе электрондық пошта арқылы: info@almaty.upp.kz еркін нысандағы конкурс ұсыныстарын тапсыруы қажет.
1) мемлекеттік индустриялық аймақтар қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
2) мемлекеттік индустриялық аймақтардың даму стратегиясының пайымдауы;
3) мемлекеттік индустриялық аймақтардың даму тетігі және/немесе схемасы;
4) мемлекеттік индустриялық аймақтарға инвесторларды тарту тәсілдері;
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
6) мемлекеттің, басқарушы компанияның және мемлекеттік индустриялық аймақтар қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу әдістері.
Байланыс номері: Андрейченко Т.Б., тел.: 8 (7272) 3902044
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp/press/news/details/1048766?lang=kk

Жауап қалдыру