
06.08.2025 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Бабатаев және медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы Н. Жумагалиева, Қызылорда қаласындағы №1 Қызылорда қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүгедектігі бар тұлғалармен жеке қабылдау кезінде зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін тағайындауға және мүгедектік белгілеуге қатысты сұрақтарға түсіндірмелер жасалып, кеңестер берілді.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастыру тапсырмасы бойынша «Ата-Заң» тақырыбында баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1047510?lang=kk
Жауап қалдыру