
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы салаларында, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде), 428, 429 (екінші бөлігінде), 430, 432, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
2025 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) келесі баптары бойынша Департаментпен жалпы сомасы 18 844 750 теңгеге 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды:
- ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 6 хаттама, жалпы сомасы 205 830 теңге
Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы. - ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша – 19 хаттама, жалпы сомасы 5 181 840 теңге
Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе - ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша – 16 хаттама, жалпы сомасы 11 763 320 теңге
Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе - ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі бойынша – 5 хаттама, жалпы сомасы 1 297 560 теңге
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу - ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама, жалпы сомасы 396 200 теңге
Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру
Департамент дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жұмыстың басты мақсаты – халық денсаулығын қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1047985?lang=kk
Жауап қалдыру