«АСЫЛ МҰРА» қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «АСЫЛ МҰРА» қолөнер шеберлерінің облыстық фестиваліне Жаңасемей ауданы, Шүлбі кентінің қолөнер шебері, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қуандыков Әсет Раульевич қатысып, өз қолөнер туындыларын ұсынды.

Фестиваль барысында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптеу жолында көрсеткен белсенділігі мен шығармашылық шеберлігі үшін арнайы Сертификат және Алғыс хатпен марапатталды.

Қуандыков Әсет Раульевичтің туындылары ұлттық мәдениетті жаңғыртуға, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге қосқан зор үлесі ретінде жоғары бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1047686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді