Атырауда “Jas Otau” жас отбасыларды қолдау мектебі өз жұмысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9-10 тамыз күндері жас отбасыларға арналған “Jas Otau” мектебі аясында алғашқы екі күндік психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, сенім мен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қалыптастыруға көмектесу.

Тренингке биыл заңды некеге тұрып, отбасылық өмірге қадам басқан 5 жас жұп қатысты.

Тәжірибелі психолог Шынар Қадимқызы жүргізген тренинг барысында отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті, түсіністік пен сенімді арттыру жолдары бойынша практикалық жаттығулар ұсынылды. Әр жұппен жеке жұмыс жүргізіліп, олардың ішкі үйлесімін нығайтуға бағытталған әдістер қолданылды.

Тренинг соңында қатысушыларға ұлттық құндылықтың символы ретінде киіз үй табысталды.

“Jas Otau” мектебі – жас отбасылар мен некеге тұруға ниетті жастарға арналған түрлі тренингтер, семинарлар мен кеңес беру сессияларымен жалғасатын болады.

Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Жаныңдамын” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1048868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді