
Облыстық мәслихат депутаттары Сәуле Сұрағанова мен Ирина Эктова «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу үшін Қызылжар ауданының Бескөл селосына барды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ ауылдардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама аясында Бескөл селосының «Балапан» бөбекжай-бақшасында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді: есіктер мен едендер ауыстырылды, қабырғалар мен төбелер жөнделді. Балалар ойын алаңы жаңартылып, жаңа қоршау орнатылды.
Депутаттар сондай-ақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Парасат» мектеп-лицейінде және № 2 орта мектепте болды.
Мердігерлік ұйымдар белгіленген кестеге сәйкес жұмыстарды орындауда. Депутаттар жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1048874?lang=kk
Жауап қалдыру