
Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында орналасқан әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірінде оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шара барысында объектінің күштері мен құралдарының түрлі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығына жан-жақты бағалау жүргізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты ТЖ алдын алу және жою жүйесінің жұмыс істеуін тексеру, сондай-ақ объектінің бөлімшелері, шұғыл қызметтер мен басқару органдары арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін практикалық пысықтау болды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша дайындықтың жоғары дәрежесі атап өтілді, жетілдіру үшін жекелеген бағыттар анықталды, тиісті ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1048009?lang=kk
Жауап қалдыру