Денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а. Марат Пашимов Алатау, Алмалы, Наурызбай аудандарының медициналық ұйымдарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сенбі күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а. Марат Пашимов қаланың Алатау, Алмалы және Наурызбай аудандарындағы бірқатар медициналық ұйымдарды аралады.

 Ол қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №27 қалалық емханада болып, емдеу мекемесінің тіркеу орнын, дәрігерлердің кабинеттерін, күту аймақтары мен техникалық бөлмелерін көріп шықты. Басшы  орындалатын жұмыстардың қарқыны және сапасымен танысып, мердігер ұйымның өкілдерімен кездесті.

«Медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жаңарту – басым бағыттардың бірі. Барлық жұмыстар уақытында аяқталып, емделушілер мен қызметкерлерді заманауи және жайлы ортамен қамтамасыз ету маңызды», – деді Марат Орумбасарұлы.

Жөндеу жұмыстарын орындау мерзімдерін бақылауды күшейтуге қатысты жеке тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайсыздықты азайту шаралары да талқыланды. Дәулеткерей көшесі, 140 мекен жайы бойынша орналасқан емхана ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Алматы бойынша Озық тәжірибе орталығы деп танылған №23 қалалық емханада қаланың бас дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, ерлер денсаулығын сақтау, зат алмасу бұзылыстарын, сондай-ақ жыныстық жетілу кезеңінде қыздарда кездесетін темір тапшылығы анемиясын емдеу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Емхана базасында Қалалық көз аурулары орталығы, қызметкерлерге арналған Релаксация және Симуляциялық кабинеттер ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Марат Орумбасарұлы №14, 22, 25, 29 қалалық емханаларды аралап, мекемелердің жұмысы мен санитарлық жағдайымен, патронаж қызметінің жұмысымен танысты. Жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мобильді бригадаларды құру және олардың жұмысын жақсарту, мейіргерлер тапшылығы проблемасын шешу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық көмектің тиімділігін, қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін цифрлық технологияларды қолдану бойынша өзекті мәселелер көтерілді.

Басшы Қалалық патологоанатомиялық бюро мен Қалалық ревматология орталығына да барды. Мекемелерді аралау барысында туындаған барлық сұрақтар назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1048871?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді