
Департаментте 7-тамыз күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.Жақыпұлы және Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаеваның қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру семинар өткізілді.
🔹Отырыста Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға толықтырулар енгізілгендігі, мемлекеттік қызметкерді үстеме жұмысқа тарту туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның талаптарын сақтау және құмар ойын мекемелеріне барудан тартыну қажеттілігі түсіндірілді.
🔹Департамент мамандарына мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhetisu/press/news/details/1047473?lang=kk
Жауап қалдыру