ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 20-шы есепті кездесуі Қорағаты ауылдық округінде өтті. Жиын барысында аудан басшысы округ тұрғындарына өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады.

2024 жылы округ аумағында жалпы құны 349,8 млн теңге болатын бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қорағаты станциясында 15 келушіге арналған медициналық пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар Аққайнар, Тойқұдық және Мамыртөбе ауылдарына таза ауыз су қондырғылары орнатылды.

Кездесу барысында аудан басшысына тұрғындар тарапынан жер қатынастары, тұрғын үймен қамту және өзге де әлеуметтік мәселелер көтеріліп, бұл бағытты іске асырылуы тиісті нақты шешімдер қабылданды.

Кездесуден кейін Ернар Есіркепов Қорағаты ауылында жаңадан бой көтерген ветеринариялық пунктің және медициналық пункт пен ауылдық мәдениет үйінің жай-күйін зерделеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1047425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді