
Бүгін ауданымызда құрметті мерейтой иесіне деген ізет көрсетіліп, Сайқын ауылының тұрғыны, ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен Әсия әжемізді 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Ардақты ананың шаңырағына арнайы барып, ізгі тілектерін білдірген – аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жұмағалиев.
Қитеш ағамызбен бірге бір шаңырақ астында өмірдің небір белесін еңсеріп, ұрпақ өрбіткен, ауыл еңбеккері ретінде көптің құрметіне бөленген Әсия әжемізге аудан әкімінің, аудандық маслихат депутаттарының және қоғамдық бірлестіктің атынан құттықтау хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
Қонақтар әжеміздің деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1047379?lang=kk
Жауап қалдыру