
Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алибек Нагыметуллаевич Нурадинов ауданның абыройлы аналарын қабылдап, оларға мемлекет тарапынан берілетін ең жоғары марапаттардың бірі – «Күміс алқаны» салтанатты түрде табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №908 Жарлығына сәйкес, ауданымыздың алты тұрғыны «Күміс алқа» иегерлері атанды. Олар:
Қасымбекова Аида Серікқызы
Төрекұлова Майра Маратовна
Оңлабекова Іңкәр Сәкенқызы
Балшықбаева Света Болатовна
Әширалиева Керез Чолпонбекқызы
Қасенова Арайлым Қалқабайқызы
Бұл марапат – көпбалалы аналардың қажырлы еңбегін, отбасы құндылықтарын сақтау мен жас ұрпақ тәрбиелеудегі үлесін мемлекет тарапынан мойындаудың айқын көрінісі.
Салтанатты қабылдауда Әлібек Нұрадінов аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке және перзенттерінің әрдайым абыройлы азамат болып өсуін тіледі.
Марапат иегерлері өз кезегінде мемлекетке және аудан басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге әрдайым күш салатындықтарын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1048795?lang=kk

Жауап қалдыру