Осакаров ауданында мектеп жанындағы жазғы лагерьлер табысты өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌞 2025 жылғы жазда ауданымыздың 1–10 сынып аралығындағы 3719 оқушысы 22 мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінде демалыспен қамтылды. Үш маусымда ұйымдастырылған лагерьлерде балалар спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, танымдық ойындар мен қызықты шараларға қатысты.

🍽 13 мектепте лагерьлер тамақпен, 9 мектепте тамақсыз (алаңша түрінде) ұйымдастырылды.

🧒 Ерекше білім беруді қажет ететін 160 бала да толық қамтылып, белсенді демалыспен айналысты.

✅ Барлық мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың қауіпсіздігі, тамақтануы мен демалуына қолайлы жағдай жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1047626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді