Проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 8 тамызында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен және Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажикановтың қатысуымен «E-Өтініш» АЖ бойынша проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы – «Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы түсіндірілді.

«E-Өтініш» АЖ – мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік сервис. Бұл жүйе кез келген мемлекеттік органның құқық бұзушылық, әрекет немесе әрекетсіздігі бойынша қашықтан өтініш жіберуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті, этикалық кодексті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.

Қатысушы мамандардың қойған сұрақтары талқыланды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді