
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы А.Ж. Бөкенов қалалық мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшесімен және Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілімен бірге «Автопарк №3» ЖШС-не барды.
Сапар барысында қатысушыларға қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасын арттыру мақсатында:
- 2025 жылы 75 жаңа автобус сатып алу жоспарланғаны;
- кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілгені;
- қала сыртынан келген жүргізушілерге арналған жатақхана салынғаны;
- қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізуі мен денсаулығын нығайту үшін спорт залы, шахмат бөлмесі, бассейн жабдықталғаны туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар, депутаттар ONAY қызмет көрсету орталығына барып, орталықтың негізгі қызметімен және жұмыс барысымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1047624?lang=kk
Жауап қалдыру