
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну,салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның»
Жас балалардың және ересектердің суға шомыла білмеуі,адамдардың суда қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бекітілген кестесіне сәйкес шомылу маусымындағы рейд жұмысын жүргізу мақсатында М. Әуезов атындағы атындағы тірек мектебі қызмектерлерімен бірлесіп Қазақ ауылындағы Мөңке көледрінің жағалауларында рейд жұмыстары жүргізіліп тұрады.Суға шомылып жатқан балаларға «Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары » жадынамалары таратылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-karakystak/press/news/details/1047736?lang=kk
Жауап қалдыру