
“Абай Құнанбайұлының 180-жылдығына орай Абай ауданында ақынның сүйікті ойыны тоғызқұмалақтан Республикалық турнир өтіп жатыр.Турнирға еліміздің түкпір-түкіпірінен мықты ойыншылар келіп отыр.Оның ішінде ҚР еңбек сіңірген 3 спортшысы,халықаралық дәрежедегі 6 спорт шебері бар.Ал қалғаны спорт шеберіне үміткерлер. Сонымен қатар, Әлем чемпионатының әйелдер арасындағы бірнеше дүркін чемпиондары да қатысуда. Сайыстың жүлде қорында 1 орынға Chevrolet Monza көлігі, ал 2,3 орындарға қаржылай сыйлық қарастырылған,-дейді облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Исаханов Жарас Ілиясұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1048560?lang=kk

Жауап қалдыру