Қазақ фильмі АҚШ-тағы әйгілі кинофестивальдің басты жүлделерінің бірін жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Режиссер Алина Мустафинаның «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты туындысы АҚШ-та өткен Азия киносының ең көне әрі ең беделді мәдени алаңы саналатын – 48-ші Asian American International Film Festival-де негізгі марапаттардың бірі Sikay Tang Critical Lens Award жүлдесін иеленді.

Бұл сыйлық көрнекті режиссер әрі монтажшы Сикай Тангтың құрметіне тағайындалған. Ол – терең мазмұнды, көркемдік тұрғыдан жаңашыл деректі картиналарға, қоғам мен мәдениеттің өзекті тақырыптарын батыл зерттеп, көрерменге жаңа қырынан таныта білген режиссерлерге табысталатын беделді марапат.

Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ғана ұсынылған.

«Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Қазақстаннан үш буын әйел Польшаға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өз атасының қабіріне қарай сапар шегеді. Фильмде түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен өткенге қайта оралу сияқты тақырыптар қозғалады.

Туынды Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) әлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде (Италия) еуропалық премьерасы өтті, Cinema Verite фестивалінде (Иран) «Үздік фильм» Гран-приін иеленді, «Бастау» фестивалінде (Қазақстан) «Үздік дебют» жүлдесін алды, сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдерінде көрсетілді. Сонымен қатар, бұл фильм Қазақстандағы «Сыншылар таңдауы» сыйлығында «Үздік дебют» номинациясына ұсынылған алғашқы деректі жоба болды.

Картина Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Фото kazakhcinema.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1048910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді