
Қазақстан Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық дамуды басқару институты (IMD) құрастырған жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік рейтингінде әлемнің 69 елінің ішінде 34-ші орынға көтерілді.
Көрсеткіш төрт факторға негізделген: экономикалық көрсеткіштер, Үкіметтің тиімділігі, бизнестің тиімділігі және инфрақұрылым. Қазақстан әсіресе бизнестің тиімділігінде (28-ші орыннан 20-шы орынға) және инфрақұрылымда (49-шы орыннан 44-ші орынға) жетістікке қол жеткізді.
Рейтинг фискалдық саясаттың тұрақтылығын, сапалы өсуді қолдауды, энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуды, кәсіптік дағдыларды оқытуды, жасанды интеллектіні электрондық үкімет жүйелеріне біріктіруді және бизнес және инвестициялық ахуалды жақсартуды ескереді.
Көш басында Швейцария тұр, одан кейін Сингапур мен Гонконг. Олардан соң Дания мен Біріккен Араб Әмірліктері. Үздік ондыққтың қатарында Тайвань, Ирландия, Швеция, Қатар және Нидерланд бар.
Дереккөз: The Astana Times
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1047534?lang=kk
Жауап қалдыру