
Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
- 2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының атқарған жұмыстары және мал ұрлығының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Хабарламашы: Фазыл Арсен Темірбекұлы –
аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі;
- Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы.
Хабарламашы: Дәуленов Дәурен Жасқайратұлы– аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы;
- Бөкей ордасы аудандық мансап орталығы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы
Хабарламашы: Молдашева Салтанат Қадерқызы –
аудандық мансап орталығы директорының м.а.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1047553?lang=kk
Жауап қалдыру