ҚОЙҒА АРНАЛҒАН ТОЙ: Оралда “AUYL FEST” халықаралық фестивалі басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚОЙҒА АРНАЛҒАН ТОЙ:
Оралда “AUYL FEST” халықаралық фестивалі басталды.
Бүгін Орал қаласында «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Форумның шылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитеттің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер қатысты.
Сонымен қатар форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысуда. – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.
“Атамекен” залында отырып, спикерлердің сөзін тыңдадық.
Серік Егізбаев, қой шаруашылығына арналған маңызды оқиғаның Жайық жағасында өтуінің бір себебі деп – Батыс Қазақстан облысының қазақтың еділбай қойының Отаны екендігін атап көрсетті. “Ауылдық” Серік Рахметоллаұлы Қазақстанның болашақта үлкен аграрлық державаға айналу мүмкіндігі зор деді.
Фестиваль аясында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы алаңда қой тұқымдарының көрмелері өтті. Ал облыс аудандары тіккен ақ боз үйлер ұлттық дәстүр мен салтты, қолөнерді таныстырды.
Сырым ауданының киіз үйінде келушілер назарына “Киіз басу” өнері ұсынылып жатыр. Әжелердің ән шырқап отырып, шиге оралған шикі киізді білектегені қалалық адамдардың, соның ішінде шетелдік меймандардың қызығушылығын туғызуда.
Үй ішінде қайыстан қамшы өріп, тұсау – жүген жасайтын Мұрат Рамазанов, табиғи теріден аяқ киім тігетін Нәсіпқали Жылқайдаров, сәндік – қолданбалы өнердің шебері Гүлжан Жақыпованың және басқа да авторлардың жұмыстары тұр.
Сырымдықтардың көрмесін күн аяғына дейін тамашалауға болады.
16:00 – де Тұңғыш Президент алаңында Сырым ауданының көркемөнерпаздары фестиваль аясында концерт береді.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді