Құқықтық сауаттылықты арттыру: СҚО-да құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу бойынша сабақ өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СҚО ТЖ департаменті мен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша оқыту өткізілді.

Құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге рұқсаты бар лауазымды тұлғалардың білім деңгейін арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің анықтау бөлімімен Жоспарлау және жедел басқару орталығының жеке құрамы, сондай-ақ басқарма мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлерімен оқыту сабағы өткізілді.

Сабақ барысында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, арыздарды қабылдау және тіркеу, оларды қарау мерзімдері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімін жүргізу ережелері, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу, сақтау және жою тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Оқытуға кезекші ауысымдардың басшылары мен өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл бастықтары да қатысты. Оларға шығу кезінде материалдарды жинау тәртібі еске салынды және ведомстволық бұйрықтар жеткізілді.

СҚО ТЖ департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1047517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді