Софья Самоделкина АҚШ-тағы халықаралық турнирде жеке рекордын жаңартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болды.

2026 жылғы қысқы Олимпиаданың лицензия иегері – Софья Самоделкина жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетіп, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты.

Қорытынды нәтиже:

🥇🇺🇸Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 207,61 ұпай (70,69+136,92)
🥈🇰🇿Софья Самоделкина – 203,15 ұпай (65,80+137,35)
🥉🇰🇷Жиа Шин – 179,97 ұпай (62,12+117,85)

7-10 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде 20 елден 99 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Cranberry Cup бәсекесі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және бұл Қазақстан тарихындағы бірінші жүлде ретінде тіркелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1048463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді