
Ақтау қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында қолға алынған «Таза Ақтау» жобасы аясындағы кезекті рейдтік шара өз жалғасын тапты. Қала әкімдігі мен полиция басқармасының бірлесіп ұйымдастырған тексерісі барысында қоғамдық орындардың абаттандырылуы, тұрмыстық қалдықтардың уақтылы шығарылуы және көше тазалығы жіті назарға алынды.
Рейд нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғаларға ескерту берілді. Сонымен қатар, санитарлық-абаттандыру талаптарын сақтамаған бір кәсіпкерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (38 340 теңге) айыппұл салынды. Теңіз жағалауында тазалық нормаларын бұзып, қоғамдық орында ішімдік ішкен азаматтар да тәртіп сақшыларының назарына ілікті.
Қала әкімдігі ақтаулықтарды өз аулалары мен көшелерінің тазалығына мұқият қарауға, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.
«Таза Ақтау» жобасы аясындағы мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1048944?lang=kk
Жауап қалдыру