
Ақтау қаласының шағын аудандарында санитарлық тазалық жұмыстары күнтізбелік кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.
Қала аумағының тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету мақсатында шағын аудан ішіндегі санитарлық жұмыстарға бәсекелестік ортадағы алты мекеме жұмылдырылып, шамамен 35 арнайы техника қоқыс контейнерлерін тазалау жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, әкімдікке қарасты мердігер ұйымдардың 20-дан астам техникасы мен 50-ге жуық қызметкері рұқсатсыз төгілген қалдықтарды жинап, қаланың көрікті келбетін сақтау жолында еңбек етуде.
– Құрметті қала тұрғындары! Қоқыстарды белгіленген орындарға тастап, қаламызды бірге таза ұстайық, – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1048897?lang=kk
Жауап қалдыру