Тұңғыш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет  кітапханашылар мен  кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды.

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына  арналып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.

Жыр додасына еліміздің түкпір түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне арнайы ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1047804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді