Жаңа оқу жылына дайындық туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатысты.

Білім беру ұйымдарының жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова ұсынды.

Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен және құралдарымен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру жөніндегі жұмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы баяндады.

Кеңес соңында Министр аумақтық білім беру басшыларына, өңірлердегі департамент басшыларына, министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына жаңа оқу жылына дайындық бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1047863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді