Жеңіл автокөлік құралдарын кедендік тазартудан өткізу бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кедендік тазартудан өткізу бойынша Қазақстан Республикасында жеңіл автомобильдерді кедендік рәсімдеу кезінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтар төленеді:

  1. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 АЕК құрайды.
  2. Кедендік әкелу бажы – адвалорлық 0-18% немесе нақты ставка (тауар коды мен Бірыңғай кедендік тарифке сәйкес 1 текше см үшін еуромен есептеледі).
  3. Акциз (100 теңге/см³) – негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл және басқа да моторлы көлік құралдары үшін, қозғалтқыш көлемі 3000 см³-ден жоғары (мүгедектерге арнайы бейімделген қолмен басқарылатын көліктерден басқа).
  4. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – импортталатын тауардың салық салынатын құнының 12% құрайды.

Департаменттің қызмет ету аясында жеңіл автомобильдерді кедендік рәсімдеу кезінде 2024 – 2025 жылдар аралығында кедендік рәсімдеуден 1562   жеңіл көлік құралдары  өткен, нәтижесінде кедендік төлемдер мен салықтары бойынша  бюджетке 2 млрд. теңгеге жуық қаржы төленді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1047461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді