ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, қала аумағындағы жалпы білім беру мекемелерінің маңына арнайы жол бөлу сызбалары жүргізіліп, жаяу жүргінші өткелдері жаңартылуда.
Аталған шаралар балалардың мектепке бару және қайту кезінде қауіпсіз қозғалуына, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру мақсатында түсіндіру және ескерту белгілері орнатылып, жүргізушілер мен тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1052222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді