
Бүгін «Abu Dhabi Plaza» сауда ойын-сауық орталығында Есіл ауданы әкімдігі мен Еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп ұйымдастырған, Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы ауқымды бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Алаң жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға әртүрлі салалардан 50 компания қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке көптеген үміткерлерге кәсіпорын өкілдерімен тікелей сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бастапқы әңгімелесуден өтуге жол ашты.
Мұндай кездесулер жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға және жұмыс іздеуші азаматтарды еңбекке тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-esil/press/news/details/1052437?lang=kk
Жауап қалдыру