
2025 жылғы 10-15 тамыз аралығында Астана қаласында Спорт күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар өтті.
Соның аясында ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі шағын футбол турнирінде Абай облысының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Шағын футбол турнирі – Спорт күніне арналған іс-шаралар легінің бір бөлігі ғана. Өткізілген мерекелік бағдарламалар аясында асық ату,тоғызқұмалақ пен арқан тартыс және қол күрестен сайыстар ұйымдастырылды.
Спорт күні – салауатты өмір салтын дәріптеуге, ел жастарын дене шынықтыру мен спортқа баулуға бағытталған маңызды мереке ретінде кең көлемде аталып өтуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1052342?lang=kk
Жауап қалдыру